Тігіншілікпен табыс тауып отыр

 image.png

Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру Түркістан облысында қарқын алған болатын.

Бүгінде аталған бағдарламаның жемісін ауылдағы ағайын көріп отыр. Кәсіп ашып, қарекет жасауды жақсы түсінгендер бүгінде еңбектің берекесіне бөленуде. Сондай жандардың бірі Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылында тұрады.

Өскенбаевтар отбасын тігіншілікпен айналысады. 2014 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша «Ырыс» микроқаржы ұйымынан төмен пайызбен 1 млн. теңге несие алып, 4 тігін машинасын сатып алады.

Міне, содан бері тұрғын үйінің бір бөлмесінде тапсырыспен киім-кешек тігіп келеді.

– Негізгі тапсырыс ауыл арасындағы қыз-келіншектерден түседі. Көбісі той-томалаққа көйлек тіккізеді. Ара- арасында түрлі мекемелердің, мектептің формаларын тігуге де ұсыныс жасайтындар бар. Көбінесе аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қазақы нақышталған сахна киімдеріне тапсырыс береді. Ондай кезде киім-кешекті уақытында даярлап беру үшін отбасымызбен жабыламыз. Біріміз пішіп, біріміз тігеміз. Ұлдарым Батыр, Асқар, Тоқтар, Бексарының да қолдарының тігіншілікке ебі бар, – дейді Гүлмира апай.

Үйдің отағасы Нұридин Өскенбаев техника тілін білетін азамат. Сондықтан тігіс машинасы бұзылған жағдайда оны жөндеу бұл отбасыға қиындық тудырмайды. Ал, үйдің үлкен баласы Батыр ерлер киімдерінің барлық түрін тігеді. Бір ауылда осындай кәсіпті игерген отбасының ауылдастарының қажетін өтеп отыруының өзі қуантарлық жағдай.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді