Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі, зейнетақыны төлеу, зейнетақы қорына құйылатын жарна түрлері, болашақ зейнетақыны көбейту жолдары, жалпы зейнетақы қызметтері туралы көптеген мәселелер бойынша өз салымшыларына ақпарат беру тәсілдерін заман талабына сай үнемі дамытып келеді.
Осы тұрғыда БЖЗҚ-ның қарапайым халық үшін ең қолжетімді тәсілі – ұялы қосымша қызметі қолданысқа енді.
Ұялы қосымшаның көмегімен зейнетақы шотыңыздағы жинақтың жай-күйі туралы үзінді көшірме алып, жинағыңызды толықтай басқара аласыз. Ол үшін сіздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шартыңызда шотыңыздан ақпарат алу тәсілі ретінде «интернет байланысы» таңдалған болуы керек. Егер ақпарат алу тәсілі белгіленбеген болса, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қор бөлімшесіне барып, қосымша келісімге қол қойсаңыз жеткілікті. Кейін логин мен құпия сөздің немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен автор ретінде айқындалып, шоттың жай-күйін білуге болады. Ал логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірі қолданылады.
Пайдаланушылар ұялы қосымшада тіркелу үшін бір реттік парольді қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретінде жіберіледі.
Осылайша ұялы қосымшада екі әдіс бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөзді (пароль) енгізу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесіне арналған Touch ID және IOS жүйесіне арналған Face ID сканерлік жүйесін де қолдана алады.