Шұбарлық шаруалар жылына екі рет өнім алуда

 image.png

Көктемгі дала жұмыстары Түркістан облысы, Ордабасы ауданында биыл жылдағыдан кешеуілдеп басталды. Дегенмен, елімізде ғана емес дүниежүзіндегі орын алған төтенше жағдай мен қолайсыз ауа-райы шаруаларға қолбайлау емес. Қазіргі уақытта қырда егін егу қарқын алуда.

«Жеріңді баптай білсең – астықты қаптай білесің» демекші, Ордабасы ауданының диқандары да бұл іске қызу кірісіп, көктемнің бір күнін жылға азық ету жолында бар күшін салып еңбек етуде.

Шұбар ауыл округінде орналасқан «Ақ Орда» ЖШС–нің директоры Бахытжан Балтабайұлы өткен жылдан бастап жылына 2 рет бақша, картоп дақылдарын егуді қолға алған болатын.

2019 жылы ерте көктемде голландиялық «Ривьера» картобын 40 га жерге егіп, одан 240 центнерден өнім жинады. Қарамағында 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл диқаншы 33 гектар суармалы жерге картоп егіп – 1300 тонна ерте көктемгі бірінші өнімін алды. Ал екінші өнімге баклажан мен қырыққабат егуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Бахытжан Балтабайұлы 100 гектар жерге бидай өнімін еккен. Яғни, алдағы уақытта бидайдан жоспармен 1800 тонна өнім алатынын межелеп отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді