Ордабасы ауданынан Мақтаарал ауданына жөнелтілген көмектер

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына Ордабасы ауданы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Ордабасы құс» ЖШС, «Инфрастрой ЛТД» ЖШС «Ордабасы Милк» АШӨК, «Рахиева» ЖК,  «Дос-Мұрабол» ШҚ,  «Аделя» ШҚ, «Ерімбетов Алмас» ЖК, «Алаң» ШҚ, «Онти-Нур» ЖШС, «Ордабасы нан» ЖШС, «Сәтті жол» АШӨК, «Нұрқасым» ШҚ атынан жалпы құны 2 млн 966 мың 400 теңге көлемінде 6 тонна гуманитарлық және қаржылай көмек көрсетілді. Оның ішінде шұжық өнімдері-150 кг, құс еті - 220, сүт - 200 л, ұн – 1тн 250 кг, көкөніс – 6 тн 390 кг, макарон өнімдері – 104 кг, 100 мың көлемінде гигиеналық заттар және 1300 дана медициналық бетперде де бар. 

8c8b92ac-3e11-4d00-aabc-ca6aab238af7.jpg

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер өз қаржылары есебінен 200 мың теңге көлемінде киім-кешек (жейде, шалбар, жаздық аяқ киімдер, шұлықтар, балдарға арналған киім кешектер) жеткізді.

Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл, Бөржар, Шұбарсу және Қажымұқан елді мекеніндерінің ерікті жастары да жанашырлық білдіріп, төтенше жағдай орын алған аудан тұрғындарына өз қаражат  есебінен жалпы 1405000 тг, оның ішінде 585 мың теңге көлемінде азық-түлік – (макарон, күріш, сұйық май, ұн, күлше, таттілер, су)  820 мың тг киім-кешек, гигиеналық заттар және қаржылай көмек жеткізді. Аталған заттар су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады.

Оған қоса, Ордабасы ауданына қарасты орталық мешіті мен жеке азаматтар 3 млн 500 мың теңге қаржылай, оның ішінде «Игілік қоғамдық қоры» 1 млн теңге көлемінде азық-түлік және екі уақ мал көмек түрінде үйлестірілді. Сауаптар еселеніп берілетін Рамазан айында Мақатаралда су апатынан жапа шеккен тұрғындарға ауыз ашар ұйымдастырды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді