​ Электрондық түрдегі қызметтің үлесі артып келеді

 image.png

Түркістан облысында электрондық түрдегі қызметтің үлесі 86 пайыздан асты. Мемлекеттік қызметтердің тізіміне енген 723 қызметтің 389-ы облыста көрсетіледі. Оның 192-сі жергілікті атқарушы органдармен, 197-сі орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арқылы іске асырылған.

Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен былтыр 11 709 161 қызмет көрсетіліп, электронды түрдегі қызметтің үлесі 86,1 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға артқан.
Жалпы былтыр Түркістан облысының мемлекеттік қызметкер көрсету саласында 73 тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1704 бұзушылық анықталды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмендегенін көрсетеді. Осы заң бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан 151 нұсқама енгізіліп, 49 қызметкерлер әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ, өткен жылы облыста «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильдік қосымшасы арқылы 150 мәселенің шешімі табылды. Департамент мамандары бақылау бағытында 95 тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы 225 бұзушылықты анықтаған. Бұл ретте 66 ұсыныс беріліп, 58 тұлға тәртіптік жазаға тартылған және тексерудің қорытындысымен қызметтік Әдеп нормаларын сақтамаған 8 лауазымды тұлғаның мәселесі Әдеп кеңесінде қаралып, тиісінше тәртіп жазаларға тартылған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді