​Егіс алқаптарынан үш рет өнім алынуда

image.png

Мемлекет басшысы ел халқына жолдаған жолдауында ауыл шаруашылығына кең көлемді қолдау көрсету керектігін айтқан болатын. Бүгінде Түркістан облысында бұл бағытта тың жобалар жүзеге асуда.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес мекемелері арқылы ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында 36,8 млрд. теңге несие қаржылар беріліп, 2018 жылмен салыстырғанда 28 пайызға артқан.  Айта кетерлігі, аталған салада 3347 жоба қаржыландырылып, 4129 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы 8,2 млрд. теңге бөлініп, 2155 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 2504 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, құны 31,3 млрд. теңгені құрайтын 590 жоба іске асырылып, 2287 жаңа жұмыс орындары ашылды.

 Түркістан облысында 2019 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 629,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 85,5 млрд. теңгеге артқан. Нәтижесінде республикада – 3 орынды иемденді.

Сондай-ақ, негізгі капиталға 55,4 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылды.

Облыста жаңа бағыт  – егіс алқаптарынан 2-3 өнім алу жобаларына басымдылық беріліп, 107 жоба жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы 132 ауыл округтерінде 5 мың алқапты қамтитын 1185 жобаны жүзеге асыру жоспары түзілді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді