​Мемлекеттік қызмет электрондық форматқа көшуде

 image.png

Мемлекеттік басқару жүйесінде цифрлық технологияны қолдану – бүкіл бағдарламаның табысты болуының басты кілті. Сондықтан бүгінде барлық құжат айналымын толықтай электронды форматқа көшіп жатыр. Сондай-ақ, қызметкерлердің қызмет көрсету сапасының да деңгейін бағалау сандық жүйемен жүзеге асуда.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылды.

Digital agent мобильдік қосымшасының артықшылығы - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың шынайы уақытта қызмет көрсету сапасына қатысты өз шағымын және тиісті бағасын беру мүмкіндіктері бар.

 Өткен жылы Түркістан облысында бұл қосымша арқылы қызмет берушілердің қызмет көрсету нәтижелерінің сапасына жалпы 597 қызмет алушы жүгінген, нәтижесінде  оның 76 пайызы оң баға берген. 
«Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру Жоспарына сәйкес, 2019 жылы 80 пайызға, ал 2020 жылы 90 пайызға жеткізу жоспарланған.  Сондай-ақ, 2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жоспарына сәйкес, облыстың ЖАО көрсететін 33 мемлекеттік қызметті автоматтандыру және «Е-әкімдік» АЖ 8 мемлекеттік қызметті оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі», – дейді Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Рахымбердіұлы. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді