Қашықтықтан оқыту қарқын алды

Елдегі төтенше жағдайға орай Түркістан облысында қашықтықтан білім беру процесі «Балапан», «Еларна», «Оңтүстік» телеарналары, «Қазақрадиосы» және «Қазпошта» АҚ-ның көмегі арқылы жүзеге асырылуда.

e801554c-601a-46c6-afb8-fb82ec13f3ea.jpg «Қазіргі таңда облыстағы 909 орта білім беру ұйымдарында 488 182 оқушы білім алып келеді. Оның 80% ауылдық жерлерде оқиды. Үй жағдайында интернет желісіне мүмкіндігі бар оқушылар саны 124 мың оқушыны құрайды, ал, 121 мың оқушының компютерлік техникалары жоқ. Осы ретте ұстаздар мен оқушыларды тиісті компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін мектептердегі 29 мың компьютерлер мен ноутбуктер өз жауапкершіліктері негізінде таратылып берілді. Жалпы 9 мыңға жуық оқытушының компьютерлік техникасы және 11 мың оқытушыда интернет желісін пайдалану мүмкіндігі жоқ болатын», – дейді облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев.

Жалпы облыстағы 429 943 оқушы республикалық «Балапан», «Еларна», «Қазақрадиосы», «Оңтүстік» телеарналары мен «Қазақрадиосы» және «Қазпошта» АҚ арқылы қашықтан оқитын болады. Білім және ғылым министрлігінің дайындаған видео сабақтарын жергілікті телеканалдар да оқушыларға тиімді уақыттарда көрсетілімдер ұсынатын болады. Телеарна көруге мүмкіндігі жоқ шалғай елдімекендердегі 320-дан астам оқушы «Қазақрадиосы» және «Қазпошта» АҚ көмегін пайдаланады. Ұстаздар қосымша аптасына бір рет оқушыларға «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлерінің көмегімен тапсырмаларын арқылы беріп отырады.

Алайда, ғаламторға қосылуға мүмкіндігі бар қалалық мектептердегі 57 421 оқушы қосымша ретінде «Bilimland», «Daryn online», Күнделік.КЗ, оқытуға арналған порталдарды пайдалана алады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді