Игі істің қасынан табылды

Screenshot_16.png

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев төтенше жағдайға байланысты «Бірге» қорын құрып, еліміздегі жаны жайсаң, жомарт жандарды қайырымдылыққа шақырып, сын сағаттарында елмен бірге болуды үндеген.

Қауіпті індеттің алдын-алу жолында халқымен бірге болып перзенттік пейілдерімен, қанатымен су сепкен қарлығаштай қайырымдылық қасиеттерін Серікжан Сейітжанұлы, Ләззат Келдебекқызы қаржылай көрсеткен болатын.

Отырар ауданы әкімдігінің хабарлауынша, аталған аудандағы Темір ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Бауыржан Қаныбеков те «Нұр Отан» партиясы «Темір» БПҰ-ның бастамасына қолдау көрсетіп, ауылдағы тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына құны 650 мың теңгеге ұн таратып, қасиетті Рамазан айында игі істің қасынан табылды.

«Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі», деген қазақ нақылын Бауыржан Әзімханұлына арнап айтқандай-ақ! Озық ойлы өркениеттің ордасы саналып, жүректеріне иман мен мейірім-шапағат ұялаған іңкәр өлкеде Бауыржандай алтынның сынығына ауылдастарының алғыстан басқа айтары жоқ!

Отырар ауданында бүгінде көктемгі егіс науқаны қызып тұр. Аудан шаруалары елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде көктемгі дала жұмыстарын тоқтатпайды. Демек, карантин көктемгі егіс жұмыстарына кедергі емес. Апта басында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық бірқатар ауылдағы ауыл шаруашылығы нысандарында болып, диқандардың сын сәттердегі тыныс-тіршілігімен танысты.

Аудан әкімі Әбдіғали Жүнісовтің тікелей тапсырмасына сәйкес шаруалармен кездескен бөлім басшысы олардың көктемгі егіс жұмыстары бойынша туындаған сауалдарына жауап берді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді