Төлемдерге үйден шықпай-ақ қол жеткізуде

Screenshot_14.png

Түркістан облысында зейнетақы мен 42500 теңгелік әлеуметтік көмекті тұрғындардың үйлеріне жеткізіп беру жұмыстары жалғасуда. Ондағы мақсат - коронавирус індетінің алдын алып, кең етек жайып,таралып кетпеуіне тосқауыл қою. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Осы мақсатты көздеген Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері зейнетақы мен 42500 теңге алушы азаматтардың үйлеріне барып, қолма-қол үлестіріп беруде. Ол үшін арнайы мамандар мен автокөліктер де бөлініпті. Аталған бастама аудан әкімдігінің бақылауына алынған. Осылайша төлебилік әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар төлемдерге үйінен шықпай-ақ қол жеткізіп отыр.

Мәселен, аудан бойынша бір күнде 500-ден астам адамға зейнетақы, жалақы, әлеуметтік төлемдер оның ішінде 42500 теңге жеткізілуде. Бұл жұмыстар төтенше жағдай кезеңінде яғни карантин кезеңі аяқталғанша жалғасатын болады.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Жарлық шығарған болатын. Мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдауда төлебилік ерікті жастар да белсенділік танытуда. Осыған орай, бүгін арнаулы жиынға шақырылған 12 азамат ел үшін қызмет етуге кірісіп кетті. Енді әскери қызметке шақырылғандар бекет-постарға, залалсыздандыру жұмыстарына, күзетке және су тасқынына қарсы жұмыстарға көмек беретін болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді