Мақсатымыз-қол ұшын созу

Screenshot_4.png

Дүние жүзінде дүрбелең салып, адамзаттың жүрегіне үрей ұялатқан covid-19 пандемиясы жетісайлық жұртшылықты да айналып өтпеді. Аты жаман індет тұрғындары тығыз орналасқан ел арасында «Садовая» аталып кеткен Жетісай қаласының мөлтек аудандарының бірінен анықталған болатын. Анықталған аурудың адамдар арасында таралуының алдын алу, жолын кесу мақсатында ол аумақ карантинге жабылып, адамдардың жүріп-тұруы қатаң бақылауға алынды.

Міне, осыған орай карантиндік аймақта қалған тұрғындарға жергілікті кәсіпкерлер мен әкімдік тарапынан түрлі әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, жуырда осындай тағы бір игілікті іс жасалды. Қаладағы «АББУ» құрылыс заттар дүкенінің иелері, жас кәсіпкерлер Жасұлан Оспанов Диас Шәріпбеков, «АБЗАЛ» тойханасының иесі Құттыбек Елтоқов, «АСПАН» пластикалық өнімдер дүкенінің иесі Ернар Молдабеков пен Жансур Мұратов, Ғани Толыбаев және Төлеби Махаметбетбердиев сынды табысты кәсіпкерлердің демеушілігімен 100 отбасыға азық-түлік пен тегін нан таратылды. Негізінен әлеуметтік қолдауды қажет ететін және көпбалалы отбасыларға, қараушысы жоқ қарттарға картоп, пияз, сәбіз, май мен шекер, ұн мен макарон сынды бірінші кезекте қажетті азық-түліктерді үлестірген жас кәсіпкерлерге тұрғындар шынайы алғыстарын білдіріп ақ баталарын берісті.

«Мақсатымыз – мақтану емес, қиын сәтте қолұшын созу. Біз кәсіпкерміз. Кәсібіміздің берекесін бізге Құдай береді. Біз осы кісілердің арқасында кәсіпер болып, бизнесімізді жүргізіп отырмыз. Осындай ізгі шараны жалғастыруға ауданның барлық кәсіпкерлері де үн қосса дейміз» дейді кәсіпкер жастар.

Жас та болса ауыздарынан Алла түспеген, жүректеріне иман ұялаған бұл жігіттер қайырымдылық шаралардан шет қалған емес. Алдағы уақытта да қайыры мол шараны жалғастыратындықтарын айтады



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді