Кәсіпкер ауруханаға аппарат сатып әперді

Screenshot_2.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жарияланған  төтенше жағдай кезеңінде кәсіпкерлер тарапынан көптеген қайырымдылық шаралары жүргізілуде. 

Мәселен Түркістан облысы  Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда. Жергілікті кәсіпкер "Астана Строй-Проект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры аудандық Мырзакенттегі және Атакенттегі ауруханаларға жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған құны 1 миллион теңге тұратын 2 жасанды тыныс алу аппаратын сыйлады.

"Коронавирус инфекциясы асқынған жағдайда адамның өкпесіндегі тыныс алу жолдарын зақымдайды. Науқасқа оттегі жетіспей қиналады. Міне, осындай жағдайда тыныс алу аппаратының маңызы зор. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жасанды тыныс алу аппараттарының жетіспеушілігінен көптеген елдерде коронавирус індетінен қайтыс болушылардың саны артуда" - деді "Мырзакент" ауруханасының бас дәрігері Берік Нағашбекұлы.

Оттегі концетраторы, оттегі маскасы, мұрын кануласынан тұратын медициналық аппараттар коронавирус індетіне шалдыққан науқас балаларды емдеуде таптырмайтын құралдардың бірі. Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен аудандық "Мырзакент" ауруханасының бас дәрігері Берік Есімханов құрал-жабдықтарды ауруханаға жеткізіп берген кәсіпкердің ұлына алғыстарын білдірді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді