«Керуен Сарайдың» құрылысы қарқынды жүргізілуде

 2020030615431263133_03-5-696x464.jpg

Елбасының Түркістан қаласын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес 2020 жылға өтпелі нысандардың құрылысы мамыр-қыркүйек айларында толық аяқталып, ел игілігіне беріледі. Ең алдымен Тұңғыш Президент саябағы,орталық аллея, Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағын абаттандыру жұмыстары толық аяқталады. Көне шаһарда жаңа ғимараттардың құрылысына өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері атсалысып жатыр. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездеме отырысында ортаға салынды.

Бой көтерген басқармалар ғимараты, департаменттер ғимараты, конгресс орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, оқушылар сарайы, стадион, цифрлық кеңсе, бассейні бар спорт кешені, смарт сити байланыс желілері, қалалық саябақ, драма театр, ғылыми-әмбебап кітапхана, Ұлы дала елі орталығы, Қ.А.Яссауи мұражайын биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, әкімшілік-іскерлік орталығында 7 инженерлік инфрақұрылым нысандарының(су, кәріз, электр, газ, жылу, жол және абаттандыру) құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Rixos Turkestan», «Hampton by Hilton», «Нұр-әлем» қонақ үйлері мен «Әкімшілік ғимаратын қонақ үй етіп қайта құру», «Керуен Сарай» және 5000 орындық мешіттің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Барлық құрылыс алаңдарында санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілген.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді