Жомарт кәсіпкерлер қайырымдылық жасады

92472287_604337776786341_6479643565487030272_o.jpg

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында "Хамро ата" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы, жеке кәсіпкер Абудхашим Боев республикалық "Біз біргеміз" акциясы аясында тағы 60 отбасыға азық-түлік пен гигиеналық заттарды үлестірді. Меценат бұған дейін де 200 отбасыға қайырымдылық жасап, көптің алғысын алған еді. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазіргі таңда еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте ауданымыздың жомарт кәсіпкерлері халықпен бірге екендіктерін көрсетуде. Бүгінгі акцияға негізінен Жамбыл, Мақтаарал, Жаңажол ауылдық округтерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылар қатысты.

Жалпы Мақтаарал ауданында кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері тарапынан Ұлы отан соғысы ардагерлерінің, көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түліктер таратылып жатыр.

Айта кетейік, "Nur Otan" партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасының бастамасымен "Біз біргеміз!" республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуды құптаған қайырымды істі жүзеге асыру үшін Мақтаарал ауданы әкімдігі мен "Nur Otan" партиясының Мақтаарал аудандық филиалы белсенді жұмыс істеуде.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді