Елдік ел басына күн туғанда білінеді

92374575_528735738060191_4656906522201161728_n.jpg

Ел басына күн туған қиын-қыстау сәттерде бір шаңырақтың астына бірігіп, елдің елдігін көрсеткен қазақ батырларының ықылым замандағы ерлігін бүгінгі әлемде дүрбелең туғызып, әбігерге салған індетпен күресте Жетісайдың жігіттері қайталап отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жарияланған карантиндік режимнің алғашқы күндерінен бастап covid19 пандемиясынан сақтану шараларының сақталуына, ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге атсалысқан Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Құрбан ата ауылының азаматтары алғашқылардың бірі болып ауылдарына өз күштерімен блок-бекет орнатты. Ауылға кіріп-шығатын әрбір көлік пен адамдарды жіті бақылауда, залалсыздандыруда.

Сонымен қатар, ауылдың азаматтары ауызбіршіліктерін танытып аудан аумағындағы блок-бекеттегі полиция инспекторлары мен әскери сарбаздарға ас-суын жеткізіп беруде. Бүгінгі кезекті өз жауапкершіліктеріне алған ауылдың 1994 жылғы туылған азаматтары 200 азаматқа түскі ас дайындады.

«Біздің мақсатымыз – бергеніміз бен істегенімізді елге мақтанып, жарнамалау емес, қиын-қыстау кезеңде біз үшін, еліміздің амандығы үшін күн-түн демеу жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға қолымыздан келгенінше қолдау көрсету» дейді Құрбан ата ауылының белсенді жастарының бірі Нұрдәулет Елшібаев.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді