Түркістандықтар техникалық шарттарды мекемелерге бармай-ақ ала алады

техшартур.jpg

Түркістан облысында инженерлік желілерге қол жеткізу үшін техникалық шарттарды ұсыну және алу процесін автоматтандыру бойынша портал іске қосылды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

– Автоматтандырылған жүйе табиғи монополия субъектісінің кеңсесінің жұмысын оның ішінде техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды, бизнес-процесс бойынша өтініштің өңделу процессін (мекеме қызметкерлері арасына өтінішке сәйкес құжат айналымын) толық автоматтандыру арқылы өтініштің қаралу уақытын жеделдетеді. Осы портал арқылы Түркістан қаласының тұрғындары ауыз су, жарық, жылудың инженерлік желілеріне қосылу үшін онлайн түрде өтініш беріп, нәтижесі бойынша техникалық шарттарды алуына болады. Ол үшін, қызмет алушы tu.iturkistan.kz электрондық мекен жайына кіріп, «қызметтер» бөлімін таңдап, порталды пайдаланушы ретінде авторизация жасау қажет. Әрі қарай, өзіне қажетті қызметті таңдап онлайн өтініш беру платформасына өтіп, тиісті жолақтарды толтырып, өтінішін жолдайды. Өтінішке сәйкес, қызмет көрсетудің нәтижесі қызмет алушының порталдағы жеке почтасына жолданады, – дейді басқарма басшысы Елнұр Өтебаев.




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді