Түркістан облысында үйден шықпай-ақ жер алуға болады

элуслуга.jpg

Түркістан облысында тұрғындар жер үйден шықпай-ақ https://auction.iturkistan.kz/web/services сайтына кіріп, жер телімдерін аукцион арқылы ала алады. Бұл туралы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев хабарлады.

– Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан облысының әкімдігімен жер учаскесін аукцион арқылы сату барысын толығымен автоматтандыру жұмыстары жүргізілді. Елімізде коронавирус індетінің таралуына тосқауыл қою мақсатында енгіліген төтенше жағдайға байланысты «Үйде болыңыз» жағдайында мемлекеттік органдармен ұсынылатын қызметтерды үйде отырып алу үшін цифрландыру саласының алатын орны өте зор. Осы орайда жер қатынастары саласын цифрландыру назардан тыс қалмады. Жер телімдерін аукцион (конкурс) арқылы алу үшін құрылған портал облыстағы барлық аудан, қалалардағы аукциондарды жариялау жолымен, толық электрондық форматқа көшіреді. Бұл өз кезегінде аукцион өту барысының ыңғайлы әрі ашықтығын қамтамасыз етіп, қатысушылардың санын артуына ықпал тигізетіндігі болжамданып отыр, – деді басқарма басшысы ақпараттық агенттігінің тілшісіне.




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді