Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алатын шаруалар алғашқы көкөністерін жинауға кірісті

алгашкыонм.jpg

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасымен бірінші ерте пісетін көкөніс дақылдарының өнімін алуға кірісіп кетті. Бұл туралы көктемгі дала жұмыстарының барысын баяндаған Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Нұрбек Бадырақов айтты. 

– Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру мақсатында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алған болатынбыз. Нәтижесінде былтыр 3 млрд. теңгеге 107 жоба іске асып, 9 млрд. теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды. Тәжірибе көрсеткендей жобаның тиімділігі жоғары, яғни 2-2,5 есеге дейін артық өнім алуға болады. Бұл бағытта биыл облыс бойынша 4,2 мың га аумақта 1587 жобаны іске асыруды бастадық. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша 3,5 мың гектарда 1273 шаруа қожалық бірінші ерте пісетін көкөніс дақылдарының өнімін алуға кірісіп кетті, – дейді басқарма басшысы.

Өңірде 10 мың 500 гектарға егілген ерте пісетін қырыққабаттың 315 мың тоннасын сәуір айында жинау жоспарланған. Елімізде енгізіліп отырған төтенше жағдайға байланысты облыста бірінші кезекте ерте мерзімде пісетін көкөніс дақылдарын экспортқа шығару көзделуде. Сонымен қатар, облыстағы 1,1 мың гектар жылыжайдың 750 гектарына қияр мен қызанақ өнімдері егіліп, бүгінде жарты мың тонна өнім жиналған. Басқарма басшысының айтуынша, өнім алу әрі қарай жалғасуда.




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді