Түркістанда еріктілер елге көмектесуде

01.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен COVID-19 коронавирус инфекциясының өңірде таралмауының алдын-алу мақсатында түрлі деңгейдегі шаралар атқарылуда. Соның бірі – Түркістан қаласында «Сақшы» арнайы жобасы бастау алып, рейдтік шаралар жүргізілуде.

Облыс орталығында қалалық полиция қызметкерлері мен олардың қоғамдық көмекшілері дәмханалар, мейрамханалар мен дүкендерді аралады. Қоғамдағы ахуалды қатаң бақылауға алған азаматтар шара барысында қауіпсіздіктің қатаң сақталуын, нысандарға кірер есіктерде антисептикалық құралдардың болуын тексерді. Қоғамдық көмекшілер төтенше жағдай талаптарын сақтау жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мемлекет басшысы ел аумағында енгізген төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысында қауіпсіздікті сақтау мақсатында барлық жергілікті атқарушы және құзырлы органдар күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Төтенше жағдай режимінің сақталуы бойынша бірқатар шаралар атқарылып, 13 нысан иесіне және 2 азамат үйінде той жасауы себепті жауапқа тартылды. Жалпы облыс бойынша 300-ге жуық азамат полиция көмекшісі болып еңбек етуде.




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді