«Қамқорлық» аясында тегін азық-түлік таратылды

91507242_523548381912260_7145496966770720768_n.jpg

 Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында ұйымдастырылып  жатқан “ҚАМҚОРЛЫҚ” шарасы Жетісай ауданында да қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

         Ауданға қарасты кент, ауылдық округтерден әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар мен отбасы мүшелерінің тізімі жасақталып, шара аясында сан-саланың қызметкерлері, аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен жергілікті әкімдер, қалталы кәсіпкерлер мен аудандық мәслихат депутаттары, ауданның ерікті жастары өздеріне бекітілген әлжуаз отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.

Негізгі мақсаты елдегі әлжуаз отбасылар санатына жататын әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созып, оларға мүмкіндігінше жағдай жасау, күн көріс деңгейін жақсартып, кедейлік шегінен шығуларына ықпал ету, бүгінде елдегі қауіпті індетке байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Күлпаршын» орталық базары басшыларының демеушілігімен тағы 50 отбасыға көмек көрсетілді. Кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға картоп, пияз, май секілді бір реттік азық-түліктер себеті таратылды.

Жалпы елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде көпбалалы, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларды қолдау, қол ұшын созу шаралары Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жүріп жатыр. 




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді