Жетісайда маскалық режим енгізілді

Screenshot_1.png

Түркістан облысы, Жетісай ауданында маскалық режим енгізілді. «Баршамызға белгілі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген болатын. Осыған орай төтенше жағдайға байланысты құрылған штабтың шешіміне сәйкес аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Жетісай ауданына маскалық режим енгізілетінін хабарлаймыз» – деп  хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған орай көшеге шығар кезде жалпы қоғамдық тәртіпті сақтауға, мейілінше кез келген жерге маскасыз бармауға кеңес беріледі. Төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзғандар ҚР-ның Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді.

 Түркістан облысында коронавирус жұқтырды деп тіркелген 5 азамат Жетісай ауданының тұрғыны.

 Науқастар дәрігер бақылауына алынған.  Жағдайлары қанағаттанарлық дәрежеде. Олармен қарым-қатынаста болған барлық адамға стационарлық оқшаулау шаралары жүргізілді. Тиісті хаттамаға сәйкес, емдік шаралар жасалынуда. 

Індеттің алдын алу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Облыс аумағына азаматтардың кіріп-шығуын бақылап, тексеруден өткізетін блок-посттардың саны 38-ге жетті. Бақылау бекеттерінде тәулігіне 36 мыңнан астам адам тексеріледі. Шетелдік, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бақылау бекеттерінде полиция, дәрігерлер мен жедел-жәрдем және төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етуде. 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді