Оқшаулау орындары дайындалды

91342865_536774323916942_7552160774051856384_o.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің басқаруымен өткен апталық лездеме отырысында әр аудан басшыларына 100 адамдық оқшаулау орындарын дайындауды жүктеген болатын. Келес ауданында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы комиссия құрылып, коронавирустан сақтану шаралары күшейтілді. Комиссияның төрағасы, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың тапсырмасымен 100 адамдық оқшаулау орыны дайындалып, медицина қызметкерлері кез келген жағдайға дайын тұр. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігі хабарлады. 

Аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев дайындалған оқшаулау орынына барып, дайындық барысын бақылады. Келес аудандық ауруханасының бас дәрігері Аида Бексұлтанқызы 100 орындық оқшаулау орнының жайымен таныстырып, 25 медициналық қызметкерлер мен 5 техникалық қызметкер арнайы бас дәрігердің бұйрығымен кез келген төтенше жағдайға дайын отыр. Сонымен қоса бас дәрігер аудан әкімінің орынбасарынан оқшаулау орнын бейнекамерамен қамтуды сұрады. Өз кезегінде Алмас Икрамұлы аталған мәселе бойынша ғимарат иесіне тапсырма жүктеп, мәселе дер кезінде шешілетінін жеткізді. Жалпы өңірде пандемияға қарсы кешенді қауіпсіздік шаралары талапқа сай жүзеге асуда. Аудан аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жоғары деңгейдегі дайындық режимі енгізілді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді