Туристік нысандарда профилактикалық шаралар жүргізілуде

5e7f846f07edc.jpg

Түркістан облысының туристік нысандарына саяхат жасау уақытша тоқтатылды. Бұл ең алдымен халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау және вирустың таралуының алдын алу үшін жасалып отырған шара. Бұл туралы Түркістан облысының  Өңірлік коммуникациялы қызметі хабарлады. 

Түркістан облысы - республика бойынша тарихи-мәдени орынға бай өңірлердің бірі. Мұнда 1600-ден аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар.

Облыс аумағы тарихи нысандармен қатар, тылсым табиғатқа ие.

Қаратау және Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорықтары, Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі, Сырдария-Түркістан табиғи аумақтық паркі экотуризмнің басты нысаны ғана емес, ерекше қорғауға алынған.

Коронавирус инфекциясының кең таралмауының алдын алу мақсатында қонақүйлер мен мейрамханалар, хостелдер, тамақтану орындары, шипажайлар және басқа да халықтың көп шоғырланатын, туристік сервис ұсынылатын орындарда қатаң түрде санитарлық нормаға сай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Түркістан облысында орналастыру орындарының саны 219 нысанды құрайды. Оның ішінде қонақ үйлер – 168, санаторийлер мен профилакторийлер-51.

Казіргі кезде Сарыағаш ауданында 47 шипажай ғана жұмыс істеп тұр. 34 нысан төтенше жағдайға дейін жолдама алған азаматтарға қызмет көрсетуде. Аталған нысандардың барлығында вирусқа қарсы профилактикалық-санитарлық шаралар жүзеге асуда.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді