Жетісайлық кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда

5e721b176d8c1.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында COVID-19 коронавирусын пандемия деп тануына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған орай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында карантин жарияланды. Ойын-сауық, мейрамханалардың жұмысы тоқтатылды. Мерекелік шараларға, той-томалаққа тоқтам салынды. Түркістан облысында да індеттің таралуына тосқауыл қою бойынша барлық шаралар қарастырылып, жұмыстар атқарылуда. Облыс, аудан басшыларынан бастап ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүр.  Әзірге өңірде коронавирус індетін жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ.  

Өңірде бетперделердің тапшылығына байланысты цехтар өз жұмыстарын қарқындатуда. Дәріханалар мен бөлшек саудада туындаған медициналық бетперде тапшылығын жою үшін бүгінде кәсіпкерлер өз үлесін қосып, өнімді арттырып жатыр.

Мәселен, Жетісай қаласындағы «Айнұр» және «Әсем» жеке кәсіпкерлік нысандары күніне 3000-ға жуық медициналық бетперде тігіп, сатылымға шығаруды қолға алды. Алдағы уақытта жұмыс күшін арттырып қуаттылығын 4000 данаға жеткізу жоспарланып отыр.

Жалпы осындай төтенше жағдай кезінде індеттің таралмауы үшін маска киюдің, тазалық талаптарын сақтаудың маңызы зор. Көптеген аудан, қалаларда медициналық масканы тігіп, оны халыққа тегін таратып жатқан кәсіпкерлер де бар.  



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді