ЖИТС орталығында науқастың құпиялығы басты назарда

Бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арамызда бар. Түркістан облысында осы санаттағы азаматтарға медициналық мекемелер қолдау, көмек көрсетеді. ЖИТС/АИТВ-ға шалдыққандарға арнайы айналысатын облыстық «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулысымен 2018 жылдың 12 желтоқсанында құрылды. Аталған орталық өңірде АИТВ жұқпасының таралуын болдырмау үшін профилактикалық шаралармен айналысады және және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық қызмет көрсетеді. ЖИТС орталығы облыстағы ең үздіктердің бірі болып саналады. Мұнда біліктілігі жоғары мамандар қызмет атқарады. Орталық мамандары бірнеше республикалық басылымдарға ғылыми мақала жариялаумен қатар халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді түрде ынтымақтастықта жұмыс істейді. 

Screenshot_3.jpg

Аталған орталықа ем алып жүргендер өте белсенді. Өмірден түңіліп өздерін тастамаған. Болашағына нық сеніммен қарайды. Себебі дәрігерлер оларға сапалы ем көрсетіп қана қоймай, жанын жадырататын қолпаш сөздер айтады. Бұндай демеу сөздер – адам жанына майдай жағатыны айдан анық. Ал жаны сау адам – тән жарасынан оңай айығады. Орталықта ем алып жүрген науқас өз өмірінен сыр шетті.  

– Менің есімім Айжан. Осы АИТВ инфекциясы статусымен өмір сүріп жатқаныма 10 жыл болды. Алғашқыда бұл инфекция жайлы естігенімде бойымда қатты қорқыныш сезімі болды. «Енді бұдан кейін басқа адамдар секілді өмір сүре алмаймын» деген ойда болдым. Бірақ, қазір өз денсаулығыма байланысты 10 жылдан бері ЖИТС орталығы мамандарының көмегіне жүгініп келемін. Менен АИТВ инфекциясы табылған сәттен бастап ЖИТС орталығы мамандары маған барынша көмек көрсетіп, дәрі-дәрмекті уақытылы қабылдауымды қадағалап келеді. Осы көрсетіліп жатқан көмектері үшін және өмір сүруге деген көзқарасымды өзгерткені үшін осы ЖИТС орталығының мамандарына алғысым шексіз. АИТВ инфекциясы алғашқыда белгілі болып, өзімде инфекция бар екенін білген кезде қатты қобалжудың, қорқудың қажеті жоқ. Мамандардың айтқанын уақытылы орындап, дәрі-дәрмегін уақытылы ішіп тұрса басқа адамдармен теңдей өмір сүруге болады. Қоғамда ешқандай бөлулер болмайды, - дейді Айжан. 

АИТВ, ЖИТС кеселдерінің жұғу жолдары сан алуан. Әсіресе ең кең тарағаны – есірткі арқылы. Есірткі арқылы АИТВ, ЖИТС жұқтырғандар көп ұзамай өледі деген болжамдар жиі айтылады. Дегенмен медицина күннен-күнге дамып келе жатқан заманда бұл типтегі науқастарға өмірін ұзартуға мүмкіндік мол. Өмірде түрлі себеппен шалт басып, осы жайтқа душар болған науқастар екінші мүмкіндік сыйлау аса маңызды. Орталық көмегіне жүгінген Серік есімді науқас бірнеше жылдан бері осы дертпен күресіп келеді. 

Screenshot_2.jpg

– Мен 8 жылдан бері инемен есірткі тұтынамын. 2019 жылдан бері облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандарының көмегіне жүгінемін. Орталықта арнайы сенім бекеті қызмет көрсетеді. Бұл жерде ерікті, құпиялы және анонимді түрде сақтай отырып халықтың негізгі топтарында қызмет көрсетеді. Орталықтың қызметкерлері АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша психоәлеуметтік қызмет берумен қатар, нарколог, дерматовенеролог, терапевт, фтизиатр және психологтар тегін кеңестер береді. Онда АИТВ инфекциясының бар немесе жоғын анықтау мақсатында жедел тест өткізеді. Олар тегін. Осы көрсетілген көмектер үшін мекеменің қызметкерлеріне алғысымыз шексіз, - дейді ағынан жарылып. 

Screenshot_1.jpg

Медициналық мекемеге келушіер көбіне өзін құпия ұстау мақсатында «Сенім бекеті» арқылы келеді. Орталыққа келген азаматтар толықтай тексерістен өтеді. Мұнда зертханада клиникалық-биохимиялық, иммунологиялық, ферменттік иммуно анализ, ПТР зерттеу қызметтері ұсынылады. Гинеколог, дермато-венеролог, психолог, инфекционист, педиатр мамандары өз көмектерін аямайды. Орталық жыл сайын бөлімшелерге диагностика мен емдеуді бақылауға арналған заманауи жабдықтар сатып алады және қайта жабдықтайды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды