Суармалы жердердің көлемі 3 млн гектарға ұлғаяды

Аграрлық саланың дамуына терең мән беретін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес суармалы жерлерді 3 млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген. Осы бағытта бүгінде ауқымды істер жүзеге асып жатыр.

42.jpg

ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, оны тиімді пайдалану мәселелері бойынша көшпелі отырыс Түркістан қаласында өтті.

Онда Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев елдегі ирригациялық инфрақұрылымның жай-күйі сын көтермейтінін атап өтті. Республикалық меншіктегі жалпы ұзындығы 19 772 шақырымдық 3298 каналдың 11881 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдардың 80-90% ескірген, техникалық деңгейі төмен. Осыған байланысты ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру үшін ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығының бай аймақтарының біріне жатады. Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар) және 70 мың агроқұрылымдарда 180 мыңға жуық адам еңбек етуде. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев суармалы жерлерді тиімді пайдалану мәселелеріне тоқталып, осы бағыттағы атқарылып жатқан істерімен, алдағы жоспарларымен таныстырып өтті.

Түркістан облысында су ресурстарын реттеумен қатар, ылғал үнемдеу, жаңбырлатып суғару технологиясын ендіруге басымдылық берілген. Осы мақсатта, Түркістан қаласы аумағында 11 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиясын ендіріліп, азық-түлік белдеуі құрылады. Бүгінгі күннің өзінде 1,5 мың гектарға аталған технология ендіріп, жылына 2 өнім алынуда. Технологияның тиімділігі су үнемдеумен қатар, өнімділікті 3 есеге арттырды. Жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілген алқап 3,5 мың гектарға жеткізу шаралары атқарылуда. Бұдан бөлек, еңбек өнімділігін арттыру бағытында облыстың климаттық ерекшелігін пайдалана отырып, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы іске асырылды. 2020 ж. 1999 жоба (5,2 мың га) жүзеге асырылып қосымша 18,4 млрд.тг өнімі өндірілді. Тәжірибе көрсеткендей жобаның тиімділігі жылына 1 гектардан 7 - 8 млн. тг дейін табыс табуға болатындығын көрсетті, яғни 2- 2,5 есеге артық өнім алынды. Осы бағыттың тиімділігіне орай, ағымдағы жылы 8,9 мың гектарға 2771 жоба жүзеге асырылып, бірінші өнім жиналуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды