Ағынсу тапшылығын шешуде ауқымды жобалар жүріп жатыр

Түркістан облысы ауыл шаруашылығының бай аймақтарының біріне жатады. Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар) және 70 мың агроқұрылымдарда 180 мыңға жуық адам еңбек етуде. Бүгінде өңірдегі ағын су тапшылығын шешуде ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, оны тиімді пайдалану мәселелері бойынша көшпелі отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып айтып өтті.

Screenshot_1.jpg

- Түркістан қаласы аумағындағы аудандарда ағын су тапшылығын шешу мақсатында, ірі су нысандарының құрылысын жүргізудеміз. Оның ішінде, «Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу», «Кеңсай - Қосқорған - 2» су қоймасын салу, «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, ағын су тапшылығының тәуекелділігі әлі де жоғары екендігін ескеріп, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жобалары әзірленуде. Бұл жобалар Түркістан өңірін кепілді ағын сумен қамтамасыз ететін болады, - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды