Түлкібаста суармалы жер көлемі артуда

Screenshot_29.jpg

Түркістан облысы Түлкібас ауданында көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ағын су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. 2022 жылға дейін аудан аумағындағы 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 7015 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылатын болады. Биылғы жылдың соңына дейін 13 су нысанының 7-не темір бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 69,1 шақырымды құрайтын «Құлый», «Танта», «Қызыл», «Боз», «Ұзын», «Бесқасқа», «Бала Құлан» магистралды каналдары 5064 гектар ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді ағынды сумен қамтымақ.

Күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқан су нысандарын аралаған аудан әкімі Нұрлан Байғұт мердігер мекеме өкілдеріне алдағы жаңбыр маусымына жеткізбей құрылыс жұмыстарын қарқындату мақсатында жұмысшылар санын көбейтіп, арнайы жұмыс кестесін құруды тапсырды. Сондай-ақ, әр учаскеден шыққан құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген орынға шығаруды жүктеп, жұмыстын сапалы болуын қадағалау мақсатында канал қабырғаларын бекітуге қойып жатқан темір бетондардың лабораториялық сынамасын алып тұру қажеттігін ескертті.

Мамандардың айтуынша, аталмыш темір бетонды инжинерлік-құрылғылардан жасалған су нысандары аудан тұрғындарына кемінде 25 жыл қызмет етпек.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды