Арыста жағдай тұрақты

Screenshot_12.jpg   

Арыстағы әскери арсеналдың жағдайы мен тұрғындардың денсаулығына қатысты сала мамандары баспасөз брифинг өткізді.  Жиынға қатысқан ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Ермиян Биятовтың айтуынша Арыстағы жарылыстан кейін тазалау жұмыстары жоғары дәрежеде өткен. Қазір қалаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, таралған оқ дәрілер түгел жиналып алынған. «Күн санап Арыстың жағдайы жақсарып келеді. Айналасы бірер айдың ішінде толық қалыпқа түседі. Даурығатын дәнеңе жоқ.  Қазір қалаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оқ дәрілер түгел жинап алынған. Алаңдамаңыздар»,- деді полковник. 

Жарылыс кезінде тұрғындардың біразы жапа шеккені анық. Сондықтан билік өкілдері алдымен халықтың денсаулығын жақсартуды тапсырған болатын. Соңғы ақпараттармен бөліскен  Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов қазір науқастардың жағдайы тұрақты дейді.    Оларға тиісті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Жағдайы толық қалыпқа келсе, бірер уақытта жақындарының жанына оралмақ.

 Тұрғындар барлық  медициналық көмекті уақытында алып жатыр. Осы күнге дейін 2240 науқасқа ем көрсеттік. Қазір 18 пациент стационарлық жағдайда ем алып жатыр. Бірер аптада олар да босатылады.  Арыстағы тұрғындардың жалпы жағдайы жақсы. Ешқандай шағым жоқ. Тиісті көмекті барынша аямаудамыз»,- дейді бас дәрігер.

  Арыстағы жағдай толық реттелгенше тиісті сала мамандары мен қала әкімшілігі тарапынан күнделікті ақпарат беріп отыруға уәде берді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды