Израильдік компаниялармен тәжірибе алмасты

Screenshot_14.jpg

Түркістанның ауылшаруашылық саласында шетелдік әріптестермен байланысы нығайып келеді. Рухани шаһарға израильдік бірқатар компания басшыларының келуі осының айғағы. Кәсіпкерлердің қазақ жеріне келудегі басты мақсаты израильдік техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ынтымақтастық перспективаларын талқылау. Онда шет елдік мамандар тамшылатып суару, су режимін реттеу, сондай-ақ, суды тазалау жөніндегі инновациялық технологияларын ұсынды.

Түркістан облысы Республикамыздағы  озық технологиялармен терең қопсыту,  интенсивті бау, жылыжай  салу, тамшылатып суғару әдісін еңгізу бойынша  алдынғы қатарда. Сондықтан ауылшаруашылығының ұдайы дамып отыруы аса маңызды. Бұл ретте, көшбасшы елдердің қатарындағы  Израйль технологиясын енгізу аграрлық салада орын алған бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

«Израилдық технологиялар тамшылатып суару бойынша мықты дамыған. Соларды көріп білісіп, ауыл шаруашылығына пайдаланып, оны дамыту мақсатында форумды өткізіп отырмыз. Форумда ірі 4 жобаны ұсындық»,- дейді Түркістан облыстық  Ауыл шаруашылығы басқармасы  бөлім басшысының міндетін атқарушы Көпжан Сәдібеков.   Odis Filtering компаниясының өңірлік менеджері Игорь Фетисов алдағы уақытта Түркістан өңірімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. «Odis Filtering» әлемдегі ең үздік алдыңғы қатардағы компания болып есептеледі. Біз мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындармен тығыз байланыстамыз. Сондай-ақ, 50 астам елмен бірлесіп, ауқымды жобалармен жұмыс істейміз. Бүгін өз жобамызды ұсындық. Ортақ келісімге келсек, Түркістан облысының ауыл шаруашылығыныңа дамуына ат салысамыз»,- дейді ол.

Аталған елдің технологиясы қолданысқа енсе, шаруаларда су шығыны азайып, өнім  2-3 есеге ұлғаяды деген үміт  бар.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды