Күз – диқандар үшін табысты мезгіл. Осы орайда Отырар ауданында "Алтын күз" ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Диқандар мерекесі аясында аудандағы 13 ауылдық округтің шаруалары мен тауар өндірушілері жаздай еңбек етіп, қол жеткізген жемісі мен түрлі өнімдерін өңір тұрғындарына 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынды. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жәрмеңкеде 5 тонна ұн және 10 тонна картоп, 1 жарым тонна сәбіз, 5 тонна пияз, 2 тонна орамжапырақ секілді түрлі бақша дақылдарымен қатар, ауданның ерекше сұранысқа ие өзіндік айрықша тауары қарбыз бен қауыннан жасалған «қауын қақ», «қауынқұрт» және «Маяқұм шұбаты» және «Отырар шұбаты» секілді түйе сүті мен ет өнімдері, сондай-ақ тары, талқан, құрт, ірімшік сынды 50 тоннаға жуық тауарлар тұрғындар сұранысына ие болды.
Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауар өндірушілерінің жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытуда. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге барып, сатушылар және тұтынушылармен жүздескен аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов жергілікті шаруалардың өнімдерін насихаттауды мақсат тұтқан шара алдағы уақытта да жалғасатындығын жеткізді.
Шара барысында аудан өнерпаздары ұйымдастырған мерекелік концерттік бағдарлама тауар өндірушілер мен сатып алушылардың көңіл-күйін көтерді.
Айта кетсек, аудан шаруалары биылғы жылы үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Ауыл еңбеккерлері жүгері, көкөністер мен бақша өнімдерін өндіруде мол табыстарға кенеліп, түсім көлемін арттырса, мал шаруашылығында да өткен жылдармен салыстырғанда көрсеткіш жоғары