Оқушылар «Төле би» фильмін тамашалады

Screenshot_12.jpg    

Түркістан қаласындағы №22 жалпы орта мектепте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен «Сақ» киностудиясы түсірген «Төлеби» көркем фильмі көрсетілді. Көрсетілімге 150-ге жуық оқушы мен мұғалім қатысты.

Көрсетілімді «Оңтүстікфильм» КММ-нің ұйымдастырушысы Нүрила Мәдібекова ашып беріп, оқушыларға фильмдердің шығу тарихы мен мекеме жұмыстары туралы баяндап берді. Сонымен қатар Нүрила Ермаханқызы сөз соңында балаларға отансүйгіштік пен елжандылыққа, патриотизмге негізделген өзіміздің осындай тарихи фильмдерімізді көруге кеңес берді.

Көрермендер  іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Болат Айтөреевке алғыстарын білдіріп, көрсетілім жалғасын тапса деген ұсыныстарын жеткізді. 

   Айта кетейік, «Төле би» фильмі  10 сериялық туынды Түркістан облысының бір жылдығына арнайы түсірілген. Бала биден Төле биге, Ұлы жүз ғана емес, күллі қазақ үшін Төбе биге айналған тұлғаның ғұмыр жолы сомдалған туынды «Сақ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильмнің» ортақ жобасы. Жергілікті әртістердің орындауындағы тарихи картинаның режиссері Батырхан Дәуренбеков. Оның айтуынша, Төле бидің қазақ тарихындағы орны ерек

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды