Өнерде шектеу жоқ

Screenshot_33.jpg

Мүмкіндігі шектеулі азамттардың жүріп-тұруы шектеулі болғанымен өнері мен дарынында шектеу жоқ. Түркістан қаласы «Арбат» алаңында «Мейірім шуағы» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік шара өтті. Осымен он үшінші рет өткізіліп отырған өнер сайысының мақсаты – мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, Отансүйгіштікке баулып ұлттық рухта тәрбиелеу, өмірге деген құштарлығын, қоғамдағы белсенділігін арттыру. Аталған шарада балалардың қуанышын бөлісуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары С. Қалқаманов, қалалық мәслихат депутаты А. ТІлепова қатысты. Сондай-ақ қала әкімі Р.Аюпов пен мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев та келіп, қатысушыларға алғыс білдіріп, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлыстар табыс етті. Өнер кешінде Отырар, Созақ, Бәйдібек аудандары мен, Кентау, Түркістаннан қатысқан 75 үміткер ән айтып, би білеп, сурет салып өнерлерін ортаға салды. Дарынды оқушылардың қуанышына ортақтасуға Шымкент қаласының өнерпаздарымен, еліміздің эстрада жұлдызы Қуандық Рахым келіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды