Облыстың экономикалық әлеуеті жақсарып келеді

Screenshot_25.jpg

Түркістанда инвестицияларды тарту тетіктерінің тиімділігін арттыратын бірыңғай инвесторлар базасы құрылды.

Бүгін Түркістан облысының фронт-офисі өңірдің экономикалық әлеуетіне талдау жасады. Оның негізінде басым инвестициялық бағыттар анықталып, тың жобалар әзірленді. Нәтижесінде, жалпы сомасы 106,9 млрд. теңгеге 11 жоба дайындалды. 86 инвестициялық жобадан тұратын тізбе әзірленді. Олардың жалпы құны 338 млрд. теңге. Аталған жобалардың ішінде 4 317 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін сомасы 179 млрд.теңгеге 43 жоба ағымдағы жылы жүзеге асырылады. Оның ішінде құны 53,1 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба шетелдік капитал қатысуымен іске асырылуда. Бұл жобалар жұмыссыз жүрген 443 азаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін болады.

Бизнес өкілдері және инвесторлар үшін тағы бір жағымды жаңалық шетелдік инвесторлар және экспорттаушылардың қолайлылығы үшін қажетті ақпаратты қамтитын және фронт-офиспен жұмыс барысын айқын болуына негіз болатын бірыңғай сайт дайындалуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды