Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры басталды. Бұл жобаның мақсаты – өңірдегі киелі орындар тізіміне енген нысандарды таныстыру, насихаттау, танымалдығын арттыру, тарихи сананы жаңғырту және ішкі туризмді дамыту. 6 күндік ақпараттық турды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Open Kazakhstan» ЖШС ұйымдастырып отыр.
Жоба аясында қатысушылар Түркістан облысында бір апта бойы 40 нысанды қамтыды. Оның ішіне 24 республикалық, 16 облыстық маңызы бар киелі орындар кіреді.
Үшкүндік бірінші турда Қазақстанның тарихы, мәдениетімен тереңірек танысуға құштар болған қатысушылар Шәммет ишан мешіті- Үкаша ата құдығы-Жылаған ата сарқырамасы-Сауран қалашығы-Әзірет Сұлтан кешені-Күлтөбе қалашығы-Әлқожа кесенесі-Гауһар ана кесенесі-Арыстан баб кесенесі-Отырар қалашығы-Қажымұқан мазары-Аққойлы мешіті-Ордабасы монументін аралап, керемет әсерге бөленіп қайтты. Аталған әулеие, кесенелерде талай тарихымыздың сыры бүгіліп жатқаны анық. Сол тарихи сананы жаңғырту бүгінгі біздің парызымыз.