Шекарасы бөлінгенімен іргесі ажыраған жоқ

Screenshot_14.jpg

Саялы Сарыағаш пен сырлы Келес ауылы аралас, қойы қоралас жатқан көрші аудандар. Бүгінде олардың шекаралары екі бөлінгенімен тірліктері бір-біріне байласқан, ынтымағы жарасқан. Екі ауданға ортақ дүние көп.  

    Жақында шекарасы бөлінгенімен іргесі сөгілмеген қос ауданның басшылары жүздесті. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуалиев Келес және Сарыағаш аудандары шектесетін Республикалық А-15 трассасы бойында кездесіп, екі ауданның шекарасына орнатылатын аудан төлқұжатының жобаларын талқылады. Кездесуге тиісті сала қызметкерлері мен қос ауданның ардагерлері қатысып, екі ауданға да көрік беретін аудан төлқұжатының кескіні жасалған жобалармен танысып, өз ойларын ортаға салды. Келелі кездесуде қос тарап өкілдері төлқұжат кескінінде бір тоқтамға келіп, аталған жобаны көршілес ораналасқан екі аудан бірігіп жасасуға уағдаласты. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген қадиғаны ұстанған қос тарап осылайша бірліктің мекем үлгісін елге көрсетті. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды