Күндіз-түні тынбайтын, еңбекқор мақтаралдық диқандардың еңбегі биыл екі еселеніп қайтуда.
Мамандардың дерегінше Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 60926,3 гектар егістік жер бар. Биыл 38185 гектар жерге мақта, 1827,6 гектарға ерте егілетін көкөніс, 54,2 гектарға картоп, 2003 гектарға жаңа жоңышқа, 1689 гектарға ескі жоңышқа, 3178 гектарға дәндік жүгері, 500 гектарға сүрлемдік жүгері, 1615 гектарға күріш, 152 гектарға маш, 47,4 гектарға бидай, 11502 гектарға бақша, 90,2 гектарға жеміс-жидек егілген.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ерте егілген көкөністің ішінде 501,1 гектарға қырыққабат, 77 гектарға қызылша, 213 гектарға болгар бұрышы, 71,5 гектарға пияз, 363,8 гектарға қызанақ, 173 гектарға қияр, 210,2 гектарға баклажан, 218 гектарға сәбіз егіліп, қазіргі таңға дейін жалпы 26388,6 тонна өнім жиналды.
Сол секілді мақтааралдық диқандар картоптан 250,5 тонна, жоңышқадан 22652 тонна және аудандағы жалпы жылыжайдан 652,2 тонна өнім алған.
Бүгінгі таңда мақталы өлкеде бақша дақылдарын жинау науқаны қыза түскен. Қазірдің өзінде 100 мың тоннаға жуық бақша өнімдері Қазақстанның барлық аймағына таралып, Ресейге және Еуропаның бірнеше елдеріне экспортталып үлгерді.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданының диқандары республикада ең бірінші болып және Өзбекстанға қарағанда 1 апта бұрын бақша өнімдерін нарыққа шығарады.