Әлеуметтік көмектің жайын саралады

Screenshot_6.jpg

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында облыс әкімінің орынбасары Е.Садырдың қатысуымен өткен мәжілістің қорытындысымен бүгін Ордабасы аудандық Жастар сарайында алқалы жиын өтті. Бұл туралы Ордабасы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Әбдіқұлов атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу барысында орын алған кемшіліктерді саралай келе, ерекше назар аударуды қажет ететін негізгі бағыттарға тоқталды. «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры Қарлыға Әбітаева болса ауыл округі әкімдері мен жауапты мамандар тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріп, кездесетін қиындықтар жайын баяндады. Халықты жұмыспен қамту орталығының жоғары санатты маманы Молдаш Нұржан атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу заңдылығын жан-жақты түсіндірді.

Сондай-ақ, жиын барысында аумақтық комиссиялардың жұмысы мен ассистенттердің міндеттері сөз болды. Комиссия мүшелері, жауапты мамандар, ауыл округі әкімдері мен жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері өзара пікір алмасып, түйткілдердің түйінін тарқату бойынша ұсыныстарын айтты.

Аңсарбек Советұлы комиссияның, ауыл округі әкімшіліктерінің бекітілген мамандарының, жұмыспен қамту орталығымен байланысын нығайту бойынша тиісті тапсырмалар беріп, орындалмаған жағдайда жауапты басшылардың жауапкершілігі қаралатынын ескертті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды