Жәдігер орнын тапты

Screenshot_7.jpg

Созақ аудандық музейіне 25 жыл толып отыр. Ширек ғасырдан бері құнды тарихи жәдергерлерімізді болашақ ұрпаққа сақтап келе жатқан мұражайдың соңғы жылдары қоры толығып келеді. Жақында мұнда тағы бір жәдігер «орнын тапты».  Шолаққорған ауылында  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мемлекет және қоғам қайратері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 125 жыл және музей 25 жылдығына орай өткен «Көне жәдігерлер сыр шертеді» аты мерекелік іс-шарада ауыл тұрығндары музейге бірқатар жәдігерлерді тапсырды. өтті. Мерекелік шараға ауданның құрметті азаматтары, мекеме, кәсіпорын басшылары, мектеп директорлары, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Мәдениет үйінің қызметкрелері қатысушыларға С.Қожановтың өмірі туралы қойылым ұсынды. 

Мерекелік шараны музей директоры Н.Дүйсенбек ашып берді. Аудан әкімінің аппарат басшысы Қалдыбек Оразов музей ұжымына аудан әкімі С.Полатовтың Алғыс хатын тапсырды. Мерекелік кеш барысында бірқатар мектеп басшылары «Музейге сый» акциясы аясында құнды жәдігерлерді сыйға тартып, музей қорын толықтырды. Омарбек Дүйсеновтың отызыншы жылдары пайдаланған жеке білте мылтығы қолдан қолға өтіп, Ә.Науай мектебі мұғалімдерінің бірінің үйінде сақталып келіпті. Музей күні мылтықтың заңды мұрагері Ниязәлі ағамызға әкесінің білте мылтығы салтанатты жағдайда табыс етілді. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды