Полиция қызметкерлерінің төл мерекесіне орай Түркістанда салтанатты шеру ұйымдастырылды. Жеңіс саябағына жиналған полиция бөлімінің ардагерлері мен жеке құрам мүшелері мерекені ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Алдымен өңірлік полиция департаментінің басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтады. Барлық әріптестерімді төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Облысымызда қызметкерлердің арқасында 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарының оңтайландыру туралы жол картасы тиісті деңгейде жүргізілуде»,- деді Түркістан облыстық ПД бастығы Қайрат Дәлбеков . Одан кейін арнайы жасақ, сарбаздары ұрыс-тәсілдерін көрсетті.
Осыдан кейін мерекелік шара қалалық мәдениет үйінде жалғасты. Ол, жерге жеке құрам мен аға буын өкілдерінен бөлек, қызметінде жүріп қайсарлықпен қаза тапқан қызметкерлердің туған-туыстары да шақыртылды. Жиналғандар алдымен бақилық болған қызметтестерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Сонымен қатар, шара кезінде бақилық болған 7 бірдей полицейдің отбасына департамент тарапынан құрмет көрсетілді. Одан кейін, 200-дей полицей түрлі дәрежедегі алғыс хаттармен марапатталып, біразының шені жоғарылады.
Мереке қарсаңында қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер салтанатты жағдайда ант қабылдады.