Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ортақ істе одан әрі жақындай түсуіне ықпал ететіні сөз болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды.
Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен
жұмыстарды жалғастыра беруге уағдаласты. Сонымен қатар Президенттер
бірін-бірі Жаңа жылмен құттықтады.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/