Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қанат
Қапуовтың айтуынша, 2020 жылы 100 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсау
жоспарланған. Бюджеттік бағдарламалардың ең ірі әкімгері - қалалық
білім беру бөліміне 25,5 млрд теңге, ТҮКШ бөліміне - 9,8 млрд теңге,
құрылыс бөліміне - 9,5 млрд теңге, жұмыспен қамту мен әлеуметтік
бағдарламалар бөліміне 3,2 млрд теңге жолданады.
Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрағасы Болат Аманжолов келесі жылы қаржыландырылатын
кейбір ірі жобалар мен бағыттарды санамалап өтті.
Әлеуметтік салаға барлығы 30,2 млрд теңге бөлінеді. Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуге 2,9 млрд теңге, сумен қамту және кәріз желілерін дамытуға 3 млрд теңге жолданады, - деді Болат Аманжолов.
Сессия жұмысына қатысқан Павлодар әкімі Қайрат Нүкенов келер жылы
бюджетке өзгерістер енетінін жеткізді. Қала басшысы айтқандай, 2020
жылғы бюджетке қосымша 10 миллиард теңге қосылады деп күтілуде. Бұл
бағыттағы жұмыс қолға алынды.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/