Шымкент базарларында ұрланған ет сатылған

36cddcc7954f4ed7441696f7ea7e660a.jpg

Түркістан облысы ПД мәліметінше, олар малды ұрлап, сойып, артынша Шымкент базарларына апарып сатқан.

24 қазанда Арыс аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын шағымданып келді. Оның өрісте жайылып жүрген малы із-түзсіз жоғалып кеткен. Осындай шағыммен полицияға 10 шақты азамат жүгінді. 

"Аталмыш деректер ҚР ҚК 188-бабы "ұрлық" бойынша Арыс аудандық полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізілімінде тіркелді. Зардап шеккендерге келтірілген шығын 3 млн теңгеден асып кетті", - делінген хабарламада.

Жедел тергеу тобы құрылды. Полицейлер іздестіру жұмыстарына кірісті. Жергілікті тұрғындар өзара еріктілер тобын құрып, іздестіру жұмыстарына көмектесті. Еріктілер тобынан құрылған отряд өрістен күдік туғызатын автокөлікті байқап, полицейлерге хабарлаған. 

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері өрісте иесіз жатқан күдіктілердің біріне тиесілі көлікті жіті қарап шықты. 

"Полицейлер көліктің ішінен және өрістің маңайынан айғақ заттарды тауып алып, сараптамаға жіберді. Сондай-ақ, автокөліктің арқасында олар күдіктілердің ізіне түсті. Полицейлер алдымен көлік иесін ұстап алды, кейіннен оның екі сыбайласын құрықтады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, барымташылар арам пиғылдарын Қазығұрт және Арыс аудандары арасындағы өрістерде жүзеге асырған. Олар ұрланған малды сойып, көліктеріне салып алып, Шымкент базарларына барып сатқан.

Полицейлер күдіктілердің Қазығұрт, Арыс аудандары және Шымкенттің тұрғындары екенін анықтады. Олардың біреуі бұрын сотты болған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ұрланған етті сатып алумен айналысқан азаматты ұстады. 

Қылмыстық топ Қазығұрт ауданындағы барымташылықтың 12 дерегіне, Сарыағаш ауданында - 7, ал Арыс ауданында - 10 мал ұрлау дерегіне қатысы бар екені анықталды. Айғақ зат ретінде балта, пышақ және күдіктілердің екі көлігі тәркіленді.

Қазір полиция бөлімшесіне аталмыш қылмыстық іске қатысты толассыз арыз-шағымдар түсуде. Тергеушілердің пікірінше, қылмыстық топ облыс аудандарындағы басқа да мал ұрлау дерегіне қатысы бар болуы мүмкін. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды