Кесенедегі құжыраға оюлы ағаш орындықтар қойылды

Screenshot_15.jpg

Түркістанға саяхатап келуші туристер саны жыл өткен сайын артуда. Оларды Түркістанның тарихи жерлері қызықтыратыны белгілі. Бірақ, шетелдік туристер өңірдің тарихын жергілікті тұрғындар секілді білмейді. Білмегендіктен көп нысандар оларды қызықтырмауы мүмкін. Сондықтан да туристердің білім көкжиегін кеңейткен абзал. Осыған орай, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжыра бөлмесінде "Қазақфильм" және "Оңтүстікфильм" киностудиялары түсірген деректі және анимациялық фильмдер зияратшылар мен туристерге тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Яғни, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келген әрбір келуші жәдігерлермен қатар тарихи фильмдерді де көре алады. Фильмді көре отырып, олар Түркістан өңірі мен жалпы қазақ даласы туралы құнды мәліметтермен сусындайды. 

2016 жылдан бастау алған бастама аясында Түркістанға қатысты деректі фильмдер тамашаланса, 2018-2019 жылдары  "Алмас қылыш", "Көшпенділер", "Жаужүрек 1000 бала" көркем фильмдері мен "Күлтегін", "Мұзбалақ", "Көне құмыраның сыры", "Қажымұқан", "Қазақ Елі", "Отырарды қорғау", "Түркістан", "Оқсыз" анимациялық фильмдері ұсынылады.

Screenshot_16.jpg

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасы негізінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген қазақтың хан-сұлтандары мен би-абыздары, батырлары мен игі жақсылары тізімі цифрлы форматта үш тілде әзірленсе,  кесене ішінде 2 ақпаратты киоскі, шағын кинозал, 3D тур қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің жаңартылған ресми сайтының мобильді қосымшасы да  іске қосылған.

Және де құжыраға келген туристерге ыңғайлы болу үшін шеберлер жасаған оюлы ағаш орындықтар қойылды. Туристер орта ғасырлардағы үлгіде жасалған орындыққа отырып, дем ала алады. Мұндай орындықтар туристер ерекше әсер сыйлары анық. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды