Премьер-министр құрылыс сапасын тексерді

Screenshot_3.jpg

Елбасы Жарлығымен Түркістан қаласы өткен жылы облыс орталығына айналған болатын. Сол күннен бері мұнда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды ҚР Премьер-министрі өз бақылауында ұстап отыр. Түркістанға жиі іссапармен келіп, жұмыс барысын қадағалап, құрылыс сапасын жіті назарда ұстап отыр. Әсіресе, туиристік нысандарды сапалы етіп салу – басты міндет. Сапа болған жерде нәтиже болатыны белгілі. Туризмді дамытуда – ең бірінші кезекте сапаның атқарар рөлі зор. Туристер де өздеріне сапалы жерден сапалы қызмет көрсетілгенін қалайды. 

Осыны ескерген Премеьр-министр Асқар Мамин бүгін Түркістанға арнайы іссапармен келіп, қаладағы бірнеше нысанды аралап көрді. Ең бірінші кезекте ол жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысты, оның өткізу қабілеті тәулігіне түрлі бағыттар бойынша 600-ге жуық автобусты құрайды. Вокзал тәулігіне 10 мың жолаушыға дейін қызмет көрсететін болады деп күтілуде. Автовокзал облыс орталығындағы көлік ағынын оңтайландыру және экологиялық ахуалды жақсарту үшін салынған. 

Жауапты мамандар тарапынан Асқар Ұзақбайұлына әкімшілік, әлеуметтік, тарихи-мәдени нысандардың салыну барысы туралы баяндалды. Асқар Мамин оқушылар сарайына барып, облыс әкімдігі, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарының, «Нұр-Сұлтан» алаңы, Тұңғыш Президент саябағының, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің, музыка мектебінің, бассейні бар оқушылар сарайының, неке сарайының, Қазақ драма театры, халыққа қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ аттракциондары бар қалалық саябақтың, музыкалық фонтан мен амфитеатрдың ғимараттарын көрді. 

Сонымен қатар, Үкімет басшысы қазіргі таңда жоғары ырғақпен салынып жатқан тарихи мәдени орталықтың, «Ұлы дала Елі» орталығының, Қ.А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратының, визит орталығының, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңын аралап көрді. Құрылысқа жауаптыларға нысандарды жоғары сапада салу керектігін мәлімдеді. Сапалы жұмыс өз өнімін берері анық. Алдағы уақытта бұл нысандарға шетелдік қонақтар легі ағылатын болады.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі