Қауіпсіз әрі таза қала – Түркістан

Screenshot_19.jpg

Қауіпсіз әрі таза қала - қашанда болмасын қонақтарды баурап алады. Барлық адам жан дүниесінің тыныштығы мен эстетикалық күйді қалайтыны белгілі. Мұндай жағымды әсерді тазалық пен қауіпсіздік беретіні айдан анық. Туристердің де іздегені осы. Қауіпсіз әрі таза қала – Түркістан. Осындай ұранмен Түркістандағы әкімдіктің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік бөлімінің және «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС мен қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік шара өтті. Жұмысшы топ “Қуаныш” сауда орталығының маңайындағы Тәуке хан даңғылының бойында қала тұрғындарына тазалық және жол қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Қауіпсіз қала іс-шарасы облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастауымен басталған болатын. Игі іс өз жемісін бере бастады. Қазіргі таңда тұрғындар жаяу жүргіншілер жүретін жолақпен жүруді үйренді. Осы шара аясында рухани шаһардағы 16 көшеге бағыттама қойылды. Сондай-ақ, 141 қыз-меткер тәртіпке келтіру жұмыстарына ат-салысуда. Біздің міндетіміз халықты қалада жол жүру ережесін сақтауға шақыру, жол көлік апаттарының алдын алу болып отыр. Сондықтан, жұмылған жұдырықтай бірлесе жұмыс атқарудамыз. Жолда жүру тәртібінен бөлек тазалыққа да назар аударудамыз. Қоқысты белгіленбеген жерге келісім-шартсыз тастағандарға және жолда жүру ережесін сақтамағандарға әкімшілік хаттамалар толтырылуда»,-деді қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Абдрахман Тоқбергенов.

«Біздің мекеменің қызметі қаланың коммуналдық жұмыстары, атап айтсақ, тазалығы мен абаттандырылуына қараймыз. Осы мақсатта біздің ұжым таңсәріден бастап қызметтеріне кіріседі. Көңіл көншітпейтін кездер көп болады. Мәселен, таңертең күл-қоқысы жиналған аймақ түстен кейін келсеңіз тағы сол қоқысқа куә боласыз. Қала тұрғындарына айтарымыз кестеге сәйкес келісім-шарт бойынша қоқысты шығарсаңыздар. Түркістанда коммуналдық жұмыстарды атқаратын жалғыз мекеме бар. Үлгермей де жатамыз. Тазалықшылардың төккен тері мен еткен еңбегі еш кетпесе екен. Әрбір жан өз көшесін үйіндей көрсе игі болар еді»,- дейді «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС өндірістік бөлімінің меңгерушісі Бекайдар Ілиясов.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды