Жаңбырлатып суару мол өнімнің кепілі

5d96ba2f51c21.jpg


Жаңалықтарды жатырқамай қабылдайтын Түркістан облысының шаруалары ауыл шаруашылығында тың технологияларды меңгеруде. Мәселен өңірде  агроөнеркәсіп кешені саласындағы «Түркістан агро» инвестициялық жобасы аясында облыста егісті алқапты жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылуда. 

Облыстық әкімдіктегі баспасөз қызметінің хабаралуынша, осы мақсатта АҚШ-нан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған. Жалпы құны 1,5 млрд теңгеге жуық қыруар жұмыс «Қазагрофинанс» АҚ-ның тарапынан лизингілік шарт негізінде несиелендірілуде. Жаңа суару әдісініңарқасында тіпті диқандардың өз күштерімен игере алмай жүрген бос жатқан жерлері тиімді пайдаланылатын болады. Жаңбырлатып суару әдісі болашақта киелі Түркістан өлкесінің көгалдандырылуыменжаңа микроклиматтың қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Әзірге бұл жұмыс түрі облыс орталығынан 12 шақырым жерде орналасқан Шаға ауылынан бастау алмақ. Бүгінгі таңда бөлінген 200 гектар жердің тең жартысынан астамы жыртылып, өңделген. Дәнді-дақылдардың ұрығын жеткізуді "Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты"ЖШС жүзеге асыруға дайын. Аталған институт кейіннен барлық агротехникалық іс-шараларға қолдау көрсететін болады. Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен етек жайғалы отырған машина станциясының тиімді тұстары көп. Техникалық қызмет көрсетуде қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Әрі қауіпсіз. Энергия көзі ретінде дизель генераторы қолданылады. Ең бастысы – экономикалық тиімді. Жаңбырлатып суару әдісінің арқасында арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналатын көрінеді.Қазіргі таңда жобаны қолдап, басы-қасында жұмысқа етене араласа іске асырып жүрген «Ақ жол» ЖШС мен «Түркістан» ӘӨК» АҚ.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды