Биыл жетісайлық диқандар ағын судан тапшылық көрген жоқ

96fc87da5e4d7878f3f28d84cf0292c6.jpg

Биыл Жетісай ауданының диқандары  ағын судан тапшылық көрген жоқ. Бұл туралы Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов мәлім етті. 

«Достық» каналының жоғарғы жағынан келетін судың көлемі азайған кезеңдерде диқандарға машиналық әдіспен су сору насостары арқылы қажетті ағын су көлемі жеткізілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта машиналық әдіспен су жеткізетін каналының жарамсыз болып бара жатқан бөлігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізілетін болады.

Аудан амағындағы 392 тік дренажды ұңғыма болса, оның 171-і ғана жұмысқа жарамды. Ислам даму банкісінің қаржысы есебінен Мақталы, Ынтымақ, Абай, Ералиев, Ділдәбеков және Қызылқұм ауылдық округтеріндегі 210 тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құрылыстың жобасына өзгерістір енгізіліп, сараптамаға жолданды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар да басталады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, 2019 жылы Жетісай ауданында жылыжайлардың жалпы көлемі 23,2 га жетті. Негізінен аудандағы жылыжай кешендерінде ерте егілетін көкөністердің ( қырыққабат, балгар бұрышы, баклажан, қауын, қарбыз) көшеттерін дайындайды.

Биылғы жылы жылыжайдың бірінші өнімінен ауданда 1000 тоннаға жуық өнім алынып, басқа облыстарға жөнелтілді.

Сондай-ақ, 2019 жылы аудан көлеміндегі тамшылатып суару жүйесі 520 гектарға жетіп отыр.

Негізінен тамшылатып суғару жүйелері аудандағы жеміс-жидек және жүзім көшеттеріне және т.б. дақылдарға енгізілген. Соның ішінде қарқынды бау көлемі 255 гектарды құрап отыр.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды