Түрістан облысында 1 400 шақырым жол пайдалдануға берілмек


WhatsApp Image 2019-09-17 at 12.56.18.jpeg

Түркістан облысында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бюджеттен осы жұмыстарға бөлінген қаржылар тиімді игеріліп, мердігерлер өздеріне тиесілі міндеттерді кестеге сай атқаруда. 

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, облыста жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің жалпы ұзындығы – 16 746,9 шақырымды құрайды. 2019 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуда 1 705,1 шақырым жол мен 11 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін 585 нысан, яғни 1 391,8 шақырым жол пайдалануға берілмек.

Облыс орталығы - Түркістан қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы – 845 шақырым. Ағымдағы жылы Түркістан қаласының көшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен – 6,5 млрд. теңге қаралған. Қазіргі таңда 12,6 шақырым құрайтын 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 2-еуіі ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, қалада 70 шақырымды құрайтын 63 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады. Бұдан өзге, 96,23 шақырымдық 83 көшеге тас төсеу жұмыстары жүруде.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды