МӘМС пакетін кімдер пайдаланады?


20190127094651.jpg

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша  филиалының  директоры Асхат Бейсенбаевтің берген мәліметі бойынша елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде  бағасы қымбат болып келетін операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды т.б. қызметтер кіретін МӘМС пакетін сақтандырылған азаматтар пайдаланатын болады.


- Бұрынғы тәртіп бойынша емхана таңдауда аумақтық шектеу қойылмайтын. Бұл пациенттерге үйде көмек көрсету жағынан көптеген қиындықтар тудырды. Тұрғылықты жеріндегі емханаға емес, басқа жердегі клиникаға тіркелген адамдардың әсіресе, жүкті әйелдер мен жаңа туған балаларға үйге барып қызмет көрсету дәрігерлердің жұмысын қиындатып жіберді. Яғни, биылғы емханаға тіркелу науқанында айтарлықтай өзгерістер бар. Соған байланысты, нормативтік базаға өзгерістер енгізілді. Тіркеу барысында отбасылық принципке басымдық берілмек. Яғни, ата-анасы да, балалары да бір емханаға тіркелгені жөн. Ал, 18 жасқа толмағандарды баланың заңды өкілі тіркей алады. Емхана өзі қызмет көрсететін аймақтан тыс жерде тұратын азаматтарды, сондай-ақ, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекеме жүктемесі шектен асып кеткен жағдайда тіркеуден бас тартуы мүмкін- деді, Асхат Асанұлы.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды